ҰҚК: Шекараның 16%-ы ғана арнайы күзет құралдарымен жабдықталған

Қазақстанның мемлекеттік шекарасының 16 пайызы ғана арнайы техникалық күзет құралдарымен күзетіледі, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.

Бұл туралы Ұлттық қауіпсіздік комитеті төрағасының орынбасары – Шекара қызметінің директоры Ерлан Алдажұманов мәлімдеді.

Біз тәуелсіздік алған кезде, КСРО кезінен бері келе жатқан шекаралық әскер Қытаймен 1700 шақырым шекараны күзетті. Ол алты шекаралық отрядтың құрамында еді. Бізге Қазақстанның бүкіл аумағын жабу туралы бұйрық берілді. Әрине, біз бүкіл күшті мемлекеттік шекараны жабуға жұмылдырдық. Бұл шекарамызды белгілеу үшін қажет болды. Шекарамыздың көлемі тоғыз есеге ұлғайды, - деп атап өтті Ерлан Алдажұманов Сенаттың кулуарында БАҚ өкілдеріне берген сұхбатында.

Айтуынша, шекараның ұзақтығы – 15 132 шақырымға тең. Жеке бағыттар бойынша шегендеу жұмыстары әлі де жалғасуда. Сол үшін деректер өзгеруі мүмкін.

Қазіргі уақытта еліміздің мемлекеттік шекарасының 16 пайызы ғана шекараны күзететін техникалық құралдармен жабдықталғанын айттым. Бұл өте аз. Негізінен бұл Қытаймен шекарадағы бағыт. Негізгі шекара физикалық тұрғыда ғана қорғалған, яғни әскерлер күзетеді. Бұл проблеманың бар екендігінен барлығы хабардар, ақша біртіндеп бөлініп жатыр. Өйткені қажеттілік өте көп, қаржы көлемін айтпай-ақ қояйын. Бөлінген ақшаны місе тұтуымызға тура келеді, - деді Шекара қызметінің директоры.

Бұған дейін хабарлағанымыздай, Қазақстан мен Түрікменстан шекараны кесіп өтуге қатысты келісім жасады.

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Өзгелердің жаңалығы