ҰҚК Шекара қызметі тамызда 4,6 мың заң бұзушыны ұстады
Ұлттық қауіпсіздік комитетінің Шекара қызметі тамыз айында мемлекеттік шекараны қорғау және күзету бағытында кешенді іс-шаралар жүргізді. Нәтижесінде бірқатар заңсыз әрекеттердің жолы кесілді, деп хабарлайды BAQ.KZ.
Құқық бұзушылар:
Барлығы 4 610 заң бұзушы ұсталды;
Оның ішінде шекараны заңсыз кесіп өткен 39 шетел азаматы, шекараны бұзу әрекеті кезінде ұсталған 25 шетел азаматы бар.
Контрабанда деректері (1 352 жағдай):
- 5 кг-нан астам есірткі заттары;
- Қару-жарақ пен оқ-дәрілердің 47 фактісі (атыс, газды, жарақаттандырушы, пневматикалық қарулар, 151 дана суық қару және 191 оқ-дәрі);
- 678 дана діни әдебиет;
- 18 500 литрден астам жанар-жағармай материалдары (жалпы құны 5,5 млн теңгеден астам);
- 1,5 млрд теңгеден асатын халық тұтыну тауарлары;
- 1,5 млрд теңгеден асатын валюта.
Браконьерлікпен күрес:
Каспий теңізінде 55 заңсыз балық аулау фактісі анықталды. Тәркіленгендер:
- 9 жүзу құралы;
- 21 км-ден астам ау құралдары;
- 240 дана (1 440 кг) бекіре тұқымдас балық;
- 28 дана (19 кг) сирек кездесетін балық.
Табиғатқа келтірілген залал көлемі – 566 млн теңгеден астам.
Барлық материалдар құқық қорғау және сот органдарына жолданды.
Мемлекеттік шекарада шектеу шаралары енгізілген жоқ, өткізу бекеттері штаттық режимде жұмыс істеп тұр.
2025 жылғы 25 тамыздан бастап Алматы облысы Райымбек ауданындағы «Кеген» автомобильдік өткізу пункті тәулік бойғы жұмыс режиміне көшті.
Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Алдыңғы жаңалық
1 қыркүйектен бастап не өзгереді?
Келесі жаңалық
Синоптиктер: Қазақстанда алда күшті аяз күтіледі
Өзгелердің жаңалығы