ҰҚК Шекара академиясының түлектеріне диплом табысталды

Қазақстан Республикасы ҰҚК Шекара академиясында жас офицерлерге дипломдар табыстау, кезекті шығарып салу рәсімі өтті. Бұл туралы ҰҚК баспасөз қызметі хабарлады.

Биыл 128 түлекке лейтенант атағы берілді.

Салтанатты іс-шараға ҰҚК басшылығы мен ардагерлері, сондай-ақ курсанттардың ата-аналары қатысты, олар түлектерді құттықтап, ҰҚК Шекара қызметінің офицері атағын абыроймен алып жүрулерін тіледі.

Фото: ҰҚК баспасөз қызметі

Қалыптасқан дәстүр бойынша іс-шара Академияның жауынгерлік тумен қоштасуы және түлектердің салтанатты шеруімен аяқталды.

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға

Фото: ҰҚК баспасөз қызметі
Өзгелердің жаңалығы