ҰҚК психотропты заттардың масштабты өндірісін жойды

Синтетикалық есірткінің рекордты партиясы заңсыз айналымнан алынды, деп хабарлайды BAQ.KZ.

2024 жылғы 18 қаңтарда Алматы қаласында жалға алынған жеке үйде психотропты заттарды дайындау процессінде есірткі зертханасын ұйымдастырушы, 1997 жылы туған Қазақстан азаматы қылмыс үстінде ұсталды.

Тінту кезінде 200 кг астам «мефедрон» есірткісінің дайын өнімі және 100 литр шикізаты алынды.

Дайын есірткі заттарының бұндай салмағы, көрсетілген зертхана елде ең ірі болғанына негіздеме береді. Алынған «мефедрон» көлемі шамамен 610 мың бір реттік дозаға эквивалентті.

Бұл ретте, есірткілер Қазақстан аумағында өткізу үшін арналған. Сот шешімімен фигуранттарға қамауда ұстау түріндегі бұлтартпау шарасы тағайындалды.

Қылмыстық кодекстің 297-бабы 3-бөлігі бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру жүргізілуде. 

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға

Фото: ҰҚК баспасөз қызметі
Өзгелердің жаңалығы