Бүгiн 2026, 15:00 Фото: әлеуметтік желі

ҰҚК полковник Талғат Мүслимовтің ұсталғанын растады

Мүслимовті Ұлттық қауіпсіздік комитетінің қызметкерлері жедел-іздестіру іс-шаралары барысында ұстаған.

Ұлттық қауіпсіздік комитеті BAQ.KZ редакциясына Әскери полиция бас басқармасы штабы бастығының орынбасары, полковник Талғат Мүслимовтің ұсталғаны туралы ақпарат растады. 

Сотқа дейінгі тергеп-тексеру жүргізіліп жатқанын хабарлаймыз. Қылмыстық-процестік кодекстің 201-бабының 1-тармағына сәйкес өзге ақпарат жария етуге жатпайды, - делінген ресми жауапта. 

Мүслимовті Ұлттық қауіпсіздік комитетінің қызметкерлері жедел-іздестіру іс-шаралары барысында ұстаған.

Бұған дейін әлеуметтік желілер мен бірқатар ақпарат көздерінде полковниктің аса ірі көлемде пара алды деген күдікке ілінгені туралы ақпарат жарияланған болатын.