ҰҚК: Павлодарда жасырын нарколабораторияның көзі жойылды

Ұлттық қауіпсіздік комитеті "Бүркіт" ЖСН және прокуратура органдарын үйлестірудің көмегімен Павлодар қаласында синтетикалық есірткілердің ірі жасырын өндірісін жою бойынша операция жүргізді, деп хабарлайды BAQ.KZ.

 ҰҚК баспасөз қызметінің мәліметінше, осы қылмысты жасады деген күдікпен Қазақстан азаматы мен үш шетелдік ұсталып, соттың санкциясымен қамауға алынды.

Саяжай алабындағы үйді тінту кезінде 170 кг-нан астам "мефедрон", 2 тонна прекурсорлар, сондай-ақ зертханалық жабдықтар табылды және тәркіленді.

"Қара нарықта" алынған есірткінің құны 4,2 млрд теңгені, ал көлемі 680 мың дозадан асады. Қылмыстық Кодекстің 297-бабының 3-бөлігі бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру жүргізіледі. Қылмыстық-процестік кодекстің 201-бабының 1-бөлігіне сәйкес өзге де ақпарат жария етілуге жатпайды, - делінген ҰҚК баспасөз қызметі таратқан ақпаратта.

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға

Фото: ҰҚК баспасөз қызметі
Өзгелердің жаңалығы