ҰҚК мен ІІМ ауқымды операция жасады: Бір күнде 8 өңірде 20 адам ұсталды
2026 жылғы 4 ақпанда Ұлттық қауіпсіздік комитеті Ішкі істер министрлігімен бірлесіп, Бас прокуратураның үйлестіруімен ұйымдасқан қылмыстық топтардың заңсыз қызметін тоқтатуға бағытталған арнайы операция жүргізді, деп хабарлайды BAQ.KZ.
Жедел іс-шаралар бір мезгілде Алматы, Шымкент қалаларында, сондай-ақ Ақтөбе, Алматы, Шығыс Қазақстан, Жамбыл, Абай және Жетісу облыстарында өтті.
Арнайы операция қару-жарақты заңсыз өткізу және сақтау, қорқытып алу, ұрланған автокөліктерді заңдастыру және өзге де ауыр қылмыстарға қатысы бар топтардың әрекетін әшкерелеуге бағытталған. Нәтижесінде 20 адам ұсталды. Олардың 10-ы уақытша ұстау изоляторына қамалды, - деп хабарлады ҰҚК баспасөз қызметі.
Тінту барысында күдіктілерден атыс қаруы, оқ-дәрілер, есірткі заттары, ірі көлемдегі ақша қаражаттары және өзге де заттай дәлелдемелер тәркіленді.
Қазіргі уақытта сотқа дейінгі тергеп-тексеру амалдары жүргізіліп жатыр.
Қылмыстық-процестік кодекстің 201-бабына сәйкес өзге ақпарат жария етілмейді.
Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Өзгелердің жаңалығы