ҰҚК экс-басшысы Кәрім Мәсімов сот үкіміне қарсы шықты

ҰҚК бұрынғы басшысы, сотталушы Кәрім Мәсімов бірінші сатыдағы сот қаулысына апелляциялық шағым түсірді, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Астана қалалық сотының баспасөз қызметі таратқан деректерге сәйкес, ол сот шешімімен келіспейді.

Іс әлі апелляцияға түскен жоқ, себебі іс «Аса құпия» режимінде тергеліп қаралған болатын. Басқа мәліметтер жариялауға жатпайды, - делінген соттың хабарламасында.

Еске сала кетейік, 24 сәуірде сот ҚР ҰҚК экс-төрағасы Кәрім Мәсімовке үкім шығарды. Ол 18 жылға мүлкін тәркілей отырып сотталды. 

Сондай-ақ өмір бойы мемлекеттік қызметте лауазым иелене алмайды. Оған мемлекетке опасыздық жасау, билікті күшпен басып алу, билік пен лауазымдық өкілеттігін асыра пайдалану айыбы тағылды.

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Өзгелердің жаңалығы