ҰҚК дәрілік заттардың контрабандасының жолын кесті
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Дәрілік заттардың ірі көлемінің контрабандалық жеткізу арнасының жолы кесілді.
Бұл туралы ҰҚК баспасөз қызметі хабарлады.
24 маусымында Ұлттық қауіпсіздік комитеті жүргізіп жатқан сотқа дейінгі тергеу шеңберінде шетелден жалған өндіріске қажетті шикізат ретінде көрсетілген дайын дәрілік заттардың ірі көлемінің (таблетка түрінде) контрабандалық жеткізу арнасының жолы кесілді, - делінген хабарламада.
Онкологиялық ауруларды емдеу үшін республикамыздың медициналық мекемелеріне жіберетін коммерциялық ұйымдарға арналған контрафактілік өнімдердің үлкен партиясы айналымнан алынды.
Өзге ақпарат тергеу мүддесінде жария етуге жатпайды.
Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Алдыңғы жаңалық
Смайылов БАҚ қызметкерлерін кәсіби мерекемен құттықтады
Келесі жаңалық
Ұлттық банк коллекциялық монеталарды айналымға шығарады
Өзгелердің жаңалығы