ҰҚК бес браконьерді ұстады
10 қарашада жедел ақпаратты іске асыру нәтижесінде ҰҚК Шекара қызметі Жетісу облысы бойынша департаменті полиция органдарымен бірлесіп «Бүркіт» арнайы бөлімшесінің қызметкерлерін тарта отырып, Қазақстан Республикасының бес азаматын ұстады, деп хабарлайды BAQ.KZ.
Олардың көлігін тінту барысында жалпы салмағы 100 кг-нан асатын 983 киік мүйізі табылды. Ұсталған адамдар жақын шетелге жөнелте отырып, дериваттармен сауда жасады деп күдіктенеді.
Аталған факт бойынша ҚК-нің 339-бабы бойынша (Өсімдіктердің немесе жануарлардың сирек кездесетін және құрып кету қаупі төнген, сондай-ақ пайдалануға тыйым салынған түрлерімен, олардың бөліктерімен немесе дериваттарымен заңсыз айналысу) сотқа дейінгі тергеп-тексеру басталды.
Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Алдыңғы жаңалық
Алғашқы кәсіптік бағдар беретін мультфильм таныстырылды
Өзгелердің жаңалығы