ҰҚК Алматы бойынша департаментінің бұрынғы басшысы 6 жылға сотталды

ҰҚК Алматы бойынша департаментінің бұрынғы басшысы Нұрлан Мәжілов 6 жылға бас бостандығынан айырылды, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Алмалы аудандық сотының шешімімен ҰҚК Алматы бойынша департаментінің бұрынғы басшысы лауазымдық өкілеттіліктерін асыра пайдаланды деп танылды.

Сот үкімімен Нұрлан Мәжілов ҚР ҚК 362-бабы, 4-бөлігі бойынша 6 жылға бас бостандығынан айырылды. Сонымен қатар ол 10 жыл бойы мемлекеттік қызметте, жергілікті басқару органдарында, қаржылық ұйымдарда жұмыс істей алмайды, - делінген соттың баспасөз қызметі таратқан ақпаратта.

Бұдан бөлек Мәжілов ҰҚК генерал-майоры арнайы атағынан айырылады.

Сот үкімі заңды күшіне енген жоқ.

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Өзгелердің жаңалығы