23 Желтоқсан 2023 2023, 09:49
Фото: ҰҚК баспасөз қызметі
ҰҚК Алматы әуежайында қауіпті қылмыскерді ұстады
Алматы қаласының әуежайында ҰҚК шетелдік террористік орталықтарға шығуды жоспарлаған Қазақстан азаматын елімізден ұшып кету әрекеті кезінде ұстады, деп хабарлайды BAQ.KZ.
Алматы қаласының әуежайында ҰҚК шетелдік террористік орталықтарға шығуды жоспарлаған Қазақстан азаматын елімізден ұшып кету әрекеті кезінде ұстады, деп хабарлайды BAQ.KZ.
Бұрын ол ұрлық, зорлық жасағаны және кісі өлтіргені үшін сотталған.
Бостандыққа шыққаннан кейін радикалды идеологияның ықпалына түсіп, террористік топтардың құрамына қосылу үшін Сириядағы соғыс аймағына бару туралы шешім қабылдаған.
Сондай-ақ ол террористік әрекеттерді қаржыландырды деп күдіктелуде.
Қылмыстық кодекстің 258-бабы бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру жүргізілуде.