ҰҚК 500 келі бекіре тұқымдас балық тәркіледі

ҰҚК Шекара қызметі мемлекет шекарасын күзетіп, қорғау барыстында 2025 жылдың қаңтар айында уәкілетті органдармен бірлесіп жасаған жұмыстарын жариялады, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.

Комитет қызметкерлері басқа да органдармен Каспий акваториясында 29 браконьерлік фактінің алдын алған.

16 дана жүзу құралы, жалпы ұзындығы 17,4 км торды құрайтын браконьерлік аулау құралдары, 139 дана (500 кг) бекіре тұқымдас балық тәркіленді, тоқтатылған залал сомасы шамамен 196 млн теңге, - деп көрсетті ҰҚК Шекара қызметі өзінің хабарламасында.

Бұл деректер бойынша материалдар бұзушыларды жауапкершілікке тарту үшін құқық қорғау және сот органдарына жіберілді.

Комитеттің шекара қызметінің хабарлауынша, мемлекеттік шекарада шектеулер енгізілмеген, барлық өткізу пункттері штаттық режимде жұмыс істеп жатыр.

Естеріңізге сала кетейік, 2024 жылы Маңғыстау облысы полиция департаменті жергілікті полиция қызметі басқармасының табиғатты қорғау полициясының тобы Маңғыстау облысында шамамен 2 тонна бекіре тұқымдас балық тәркілеген еді. Бұдан бөлек, өткен жылы Атырауда "Бекіре-2024" акциясы кезінде бір жарым тоннаға жуық бекіре тұқымдас балық тәркіленді.

Еркін Болатов

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға

Фото: BAQ.KZ gov.kz
Өзгелердің жаңалығы