24 Қараша 2026, 12:20 Фото: ҰҚК баспасөз қызметі

ҰҚК 1,3 тоннадан астам есірткі тәркіледі: 45 адам ұсталды

5 жасырын зертхананың әрекеті тоқтатылды

Ұлттық қауіпсіздік комитеті есірткі құралдарының заңсыз айналымына қарсы күрес бағытында жұмысты жалғастыруда, деп хабарлайды BAQ.KZ ведомствоның баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

2026 жылғы тамыздан қазан айына дейін есірткі жеткізудің 8 халықаралық және 11 өңірлік арнасының жолы кесіліп, 5 жасырын зертхананың әрекеті тоқтатылды.

Шет мемлекеттердің құзыретті органдарымен өзара іс-қимыл аясында 8 халықаралық есірткіге қарсы операция жүргізілді.

Нәтижесінде 1,3 тоннадан астам есірткі тәркіленді. Оның ішінде:

  • 11,1 кг апиын;

  • 14,2 кг гашиш;

  • 404,6 кг марихуана;

  • 320,6 кг сора бұталары;

  • 18,4 кг синтетикалық есірткі;

  • 525 кг синтетикалық опиоид бар.

Сондай-ақ күшті әсер ететін заттардың 2 650 таблеткасы және 2,6 тонна прекурсор тәркіленді. Аталған құқық бұзушылықтарды жасады деген күдікпен Қазақстан Республикасының 40 азаматы және 5 шетелдік ұсталды. Сотқа дейінгі тергеп-тексеру амалдары жүргізілуде. Қылмыстық-процестік кодекстің 201-бабына сәйкес өзге ақпарат жария етуге жатпайды.