ҰПК Халықаралық мүгедектігі бар адамдардың күнін атап өтті

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. 3 желтоқсанда Нұр-Сұлтан қаласындағы Паралимпиадалық жаттықтыру орталығында Халықаралық мүгедектігі бар адамдардың күніне орай шара ұйымдастырылды.

Оған AGITOS халықаралық қорының "I’mPOSSIBLE" жобасына тартылған қаланың 6 мектебінен шамамен 80 бала қатысты. Оқушылар паралимпиада спорты туралы біліп, үстел теннисінен ҚР Чемпионы Мақсат Қыдыршамен кездесті.

Мерекеге орай 6-12 жас аралығындағы балалар арасында "Токио-2020 Паралимпиада ойындарындағы менің сүйікті спортым" тақырыбында суреттер мен шығармалар байқауы өтті. Байқаудың мақсаты – паралимпиадалық құндылықтарды тарату және инклюзивті қоғамды құру. Үздік суреттер мен шығармаларды мемлекеттік органдардың, азаматтық қоғам ұйымдарының және халықаралық ұйымдардың өкілдерінен құралған қазылар алқасы таңдады.



"Үздік сурет" номинациясының жеңімпаздары:

1 орын – №10 мектебінің оқушысы Жаңбыршы Алиаскар
2 орын – №19 мектебінің оқушысы Қаратай Гаухар
3 орын – №10 мектебінің оқушысы Клюжев Андрей

"Үздік шығарма" номинациясының жеңімпаздары:
1 орын – №19 мектебінің оқушысы Сериков Диас
2 орын – №23 мектебінің оқушысы Амангельды Ибрагим
3 орын – №19 мектебінің оқушысы Яковлева Кристина

Жеңімпаздар мен қатысушылар бағалы жүлделер мен сыйлықтарға ие болды. Сонымен қатар балаларға арналған ойын-сауық бағдарламасы өтті.




Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Өзгелердің жаңалығы