ҰОК Президенті Головкин Ғұсман Қырғызбаевты Париж Олимпиадасының қола медалімен құттықтады

Қазақстан Ұлттық Олимпиадалық комитетінің президенті Геннадий Головкин Париж Олимпиадасында дзюдодан қола жүлдегер атанған Ғұсман Қырғызбаевты құттықтады, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Еліміздегі барша Олимпиадалық команданың атынан Сізді Олимпиада ойындарының қола медалімен құттықтаймын!

Кеше басталған жүлделер сериясын жалғастыру арқылы Сіз тек қана дзюдо жанкүйерлерін емес, барша қазақстандықтарды қуанттыңыз!

Нағыз чемпион жеңіп алған медалінен бөлек, мінезімен де ерекшеленеді. Өте қиын белдесулерде жеңіске деген жігер танытып, чемпиондық рух көрсеттіңіз. Сіздің бапкерлеріңіз Ермек Нәсиев пен Нұрбол Сүлейменовті Олимпиада жүлдесімен шын жүректен құттықтаймын. Бұл жеңіс барша жас қазақстандықтарды жігерлендіріп, оларды ірі жеңістерге жетелесін!

Барша қазақстандықтарды тағы бір Олимпиада жүлдесімен құттықтаймын! – деп жазылған құттықтау жеделхатында.

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға

Фото: gov.kz
Өзгелердің жаңалығы