Кеше 2026, 13:06 Фото: Мәжілістің баспасөз қызметі

Үнзила Шапақ: Қазақстанда жаңа партиялар көбеюі мүмкін

Сайлау қарсаңында партиялар арасында бәсеке күшейеді.

Мәжіліс депутаты Үнзила Шапақ елдегі саяси белсенділіктің артуы жаңа партиялардың құрылуына жол ашуы мүмкін екенін айтты, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.

Оның сөзінше, бір палаталы Парламенттің құрылуына негіз болған басты себептердің бірі – қоғамдағы саяси белсенділікті күшейту болған. Депутат жаңа Конституция қабылданып, бір палаталы Құрылтай енгізілгеннен кейін саяси процестердің өзгере бастағанын атап өтті.

Соның бірден-бір көрінісі – саяси партиялардың құрылуы. Халықтың белсенділігі артып жатыр. Азаматтардың өз құқықтарын толыққанды жүзеге асыру процесі басталды. Сондықтан мұндай жаңа партиялар әлі де пайда болуы әбден мүмкін, – деді Үнзила Шапақ Үкіметтің кулуарында берген сұхбатында.

Депутаттың айтуынша, жаңа партиялар арасында міндетті түрде бәсекелестік қалыптасады.

Жаңа Конституция бойынша қазір сайлауға белсенді дайындық жүріп жатыр. Бәсеке болады, – деп атап өтті ол.