Университетте есірткіге қатысты сот процесі көрсетілді

Жетісуда есірткі сатушының жолы кесілді, көрсетілім сот процесі ұйымдастырылды, деп хабарлайды BAQ.KZ.

27 мамырда И.Жансүгіров атындағы Жетісу университетінде Талдықорған қаласының аумағында ірі мөлшерде есірткі  заттарын сатумен айналысқан азаматшаға қатысты көрсетілім сот процесі өткізіледі.

Сот отырысына университет студенттері мен оқытушылар қатысты.

Облыстық прокуратура азаматтарға, әсіресе жастарға, есірткі сатудан түскен «жеңіл ақша» аса ауыр қылмыс екенін, ол үшін ұзақ мерзімге бас бостандығынан айыру қарастырылғанының  ескертеді.

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Өзгелердің жаңалығы