12 Шілде 2024 2024, 17:29
Фото: - архив
Университетке түсуге құжат қабылдау қашан басталатыны белгілі болды
ҒЖБМ Жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім комитеті төрағасының орынбасары Гүлзат Көбенова ОКҚ-да өткен брифингте грант конкурсына қатысуға өтініштер қашан қабылданатынын айтты, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.

Биыл грант конкурсына қабылдау кампаниясы 13-24 шілде аралығында өткізіледі.
Алыс аймақтарда тұратын талапкерлерге ыңғайлы болуы үшін еGov электронды үкімет порталы арқылы онлайн өтініш қабылдау жүргізіледі. Сонымен қатар құжаттарын дәстүрлі форматта – офлайн тапсырғысы келетіндер үшін ЖОО-лардың қабылдау комиссиялары жұмыс істейді. Осы жерде мына маңызды нәрсені айта кетсем, құжаттарды кез келген ЖОО арқылы тапсыруға болады, - деп түсіндірді Көбенова брифингте.
Мысалы Алматыға оқуға түсуді жоспарлап отырған ақтаулық түлек грантқа өтініш беру үшін Алматыға келмей-ақ, құжаттарын еGov арқылы онлайн, және жергілікті ЖОО арқылы офлайн тапсыра алады.