Универсиада: Таеквондошы Рита Бакишева Қазақстанға алғашқы алтынды сыйлады

Таеквондошы Рита Бакишева (46 келі салмақта) Қытайдың Чэнду қаласында өтіп жатқан ХХХІ Дүниежүзілік жазғы универсиаданың чемпионы атанды, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Қазақстандық спортшы финалда тайбэйлік Хуан Ин-Сюаньды ұтты. Рита биыл таеквондодан Бакуде өткен Әлем чемпионатында ширек финалға дейін жеткен.

Бұған дейін Универсиадада Қазақстан құрамасының бірнеше атлеті күміс, қола медаль алды.

Күміс медаль

  • Ислам Сәтбаев, Константин Малиновский Малиновский, Никита Шахторин (нысана көздеуден ұлттық құрама);
  • Никита Чирюкин (тапанша, 25 м);
  • Елжана Тәниева (көркем гимнастика, доп);
  • Диана Тұрсынбек (садақ ату);
  • Елжана Тәниева (көркем гимнастика, лента).

Қола медаль

  • Сұңғат Жұбатқан (дзюдо, 66 келі);
  • Асқар Нарқұлов (дзюдо, 73 келі);
  • Ислам Сәтбаев, Константин Малиновский Малиновский, Никита Шахторин (нысана көздеуден ұлттық құрама);
  • Елжана Тәниева (көркем гимнастика, шығыршық);
  • Бекарыс Сәдуақас (дзюдо, 100 келі).

Қазір Қазақстан құрамасы жалпы есепте 10-орынға көтерілді. Ел спортшылары 1 алтын, 5 күміс, 5 қола медаль жеңіп алды.

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға

Фото: instagram.com/drs_kz/
Өзгелердің жаңалығы