Универсиада. Қазақстандық спортшылар екі күміс пен бір қола медаль жеңіп алды

Универсиадада Қазақстандық спортшылар екі күміс пен бір қола медаль жеңіп алды, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Бұл туралы Ғылым және жоғары білім министрлігінің баспасөз қызметі ақпарат таратты.

Шаңғы жарысы бойынша Қазақстанның әйелдер құрамасы 3×5 шақырым эстафетада фин және норвег спортшыларына есе жіберіп, қола медальға ие болды. Шаңғышылар қатарында Айша Ракишева, Надежда Степашкина және Ксения Шалыгина өнер көрсетті.

Ерлер арасындағы командалық жарыста шаңғымен секіруден күміс жүлдені Данил Васильев пен Сергей Ткаченко иеленді. Олар австриялықтарға жол беріп, Жапония командасын басып озды.

Тағы бір күміс медальді шорт-трек командасы жеңіп алды. Қазақстандықтар аралас эстафетада 2:47.757 нәтижесімен екінші орыннан көрінді. Олар француздардан жеңіліп, Жапонияны басып озды. Қазақстандық команда құрамында Яна Хан, Мәлік Ермек, Алина Әжғалиева, Әлішер Әбілқатимов, Әділ Ғалиахметов және Еркебұлан Шамуханов өнер көрсетті. 

Осылайша, кеше Қазақстанның студенттер құрамасының қоржынында үш алтын, екі күміс және екі қола медаль бар.

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Өзгелердің жаңалығы