3 Тамыз 2023 2023, 12:16 Фото: telegram.org/k/#@qazsporttv

Универсиада. Қазақстан құрамасының қоржынына екі жүлде түсті

Қытайда өтіп жатқан Универсиада ойындарында Қазақстан құрамасының қоржынына екі жүлде түсті, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Қытайда өтіп жатқан Универсиада ойындарында Қазақстан құрамасының қоржынына екі жүлде түсті, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Ушу бойынша 60 келі салмақ дәреесінде сынға түскен Қоскенов Бексұлтан және Төреханова Әйкерім дүниежүзілік Универсиада ойындарының қола жүлдегерлері болды.

Qazsporttv-ның мәліметінше, Қазақстан құрамасының қоржынында бір алтын, бес күміс және жеті қола медаль бар.