Тұрсынбаева Универсиаданың күміс медалін ұтып алды
Алматы, BAQ. Красноярскіде өтіп жатқан Универсиада-2019 ойындарында мәнерлеп сырғанаудан үздіктер анықталды.
Қысқа және еркін бағдарламалардың қорытындысы бойынша 220,68 балл жинаған жапониялық Май Михара алтын алқаны жеңіп алды. Күміс медал отандасымыз Элизабет Тұрсынбаеваға (214,77) бұйырды, ал қоланы ресейлік Станислава Константинова (205,91) еншіледі.
Тағы бір отандасымыз Айза Мамбекова 124,41 балл жинап 17-ші орыннан көрінді.
2018 жылдан бері Элизабетаны атақты Этери Тутберидзе жаттықтыруда.
Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Алдыңғы жаңалық
Бұдан былай өзбекстандық әкелер декреттік демалыс ала алады
Өзгелердің жаңалығы