Универсиада-2023: Қазақстандық спортшы алғашқы медальға қол жеткізді

Қытайдың Чэнду қаласында өтіп жатқан Универсиадада қазақстандық спортшыларымыз алғашқы медальға қол жеткізді, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Дзюдошы Жұбатқан Сұңғат жекпе-жек сайыста елімізге қола медаль әкелді. Бұл үлкен жетістік. Спортшымызды, барлық отандастарымызды жарқын жеңіспен шын жүректен құттықтаймын! Жасына қарамастан, Сұңғат қазіргі Олимпиада чемпиондарымен тең дәрежеде өнер көрсетті, - делінген Ғылым және жоғары білім министрлігі таратқан хабарламада.

Түрлі сайыстар 8 тамызға дейін жалғасады. Қытай жерінде еліміздің атын шығарып жатқан басқа спортшыларымыз бұдан да жоғары жетістіктерге жететініне сенімдімін.

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Өзгелердің жаңалығы