"Үнемі қарсы қояды". Байжанов Бишімбаев тарапынан қысым көргенін айтты
Астана өтіп жатқан экс-министрге қатысты сотта айыпталушы Бақытжан Байжанов Бишімбаев тарапынан қандай қысым көрсетілгенін айтты, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.
Сот процесінде адвокат Байжанован "тергеу изоляторында бөтен адамдар келді ме?" деп сұрақ қойды.
Иә, маған Бауыржан Мусин 4 рет келді. Мені камерадан шығарып алған соң, оған бардық. Қасында Бишімбаев бар екен, яғни кездесу ұйымдастырмақ болды, мен бірден бұрылып кетіп қалдым. Әкімшілік келмесін деп ескерту жасады. Мен де оның келмеуін сұрадым. Бірақ ол бірнеше рет келді. Әркез Салтанаттың отбасына қарсы қойғысы келеді. Бауыржан Мусиннің кім екенін өзім де білмеймін, - деді Бақытжан Байжанов.
Байжанов Мусиннің оған не айтқанын айтты.
Экспертиза оның(еск - Нүкенованың) мас болғанын көрсетеді деп бірнеше рет айтты, - деді ол.
Сондай-ақ айыпталушы Нүкенова қайтыс болған кезде жедел жәрдем шақырғанын атап өтті.
Менде ешқандай жаман ой болған жоқ. Мен келгенде Бишімбаев Салтанаттың оянбай жатқанын айтты. Кейін дәрігерге қоңырау шалдым. Одан соң жедел жәрдемдегілер полицияға өздері хабарласқан, - деді айыпталушы.