Үндістанның премьер-министрі отставкаға кетуге өтініш берді
Үндістанның премьер-министрі Нарендра Моди министрлер кабинетімен бірге отставкаға өтініш берді, деп хабарлайды BAQ.KZ.
Ел президенті Драупади Мурму оның өтінішін қабылдаған.
Премьер-министр Нарендра Моди президентпен кездесіп, министрлер кабинетімен бірге отставкаға өтініш берді. Президент отставканы қабылдады және Нарендра Моди мен министрлер кабинетінен жаңа үкімет қызметіне кіріскенге дейін жұмыстарын жалғастыруды өтінді, - делінген хабарламада.
Бекітілген процедураға сәйкес, Үндістан президенті жеңіске жеткен партияның кандидатына жаңа үкімет құруды тапсырады. Бұл жолы да үшінші рет қатарынан ел үкіметінің тізгінін Нарендра Моди қолына алады деп күтілуде.
Еске салайық, Үндістанда 19 сәуір мен 1 маусым аралығында парламент сайлауы өтті.
Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Алдыңғы жаңалық
Бүгін екі қалада қолайсыз метеожағдай күтіледі
Өзгелердің жаңалығы