Үндістанның оңтүстігіндегі ірі өрттен бес адам қайтыс болды
Үндістанның оңтүстігіндегі Телангана штатында, Хайдарабад қаласындағы жиһаз дүкені орналасқан төрт қабатты ғимаратта шыққан өрт салдарынан кемінде бес адам қаза тапты, деп хабарлайды BAQ.KZ жергілікті PTI агенттігіне сілтеме жасап.
Мәліметке сәйкес, өрт сенбі күні тұтанып, өрт сөндірушілер қызыл жалынды 20 сағаттан астам уақыт бойы ауыздықтаған.
Штаттың өртке қарсы қызметінің басшысы Викрам Сингх Маннаның айтуынша, құрбандардың болуына себеп болуы мүмкін салғырттық үшін дүкен иесі жауапқа тартылады.
Құтқарушылар қаза тапқандар саны артуы мүмкін екенін жоққа шығармайды. Өртті толық сөндіру жұмыстары әлі жалғасып жатыр.
Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Келесі жаңалық
Алматыда таудан түсе алмай қалған туристер құтқарылды
Өзгелердің жаңалығы