Үндістанның елшісі Қазақстанда өз дипмиссиясын аяқтады

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Қазақстан Республикасы Премьер-министрінің орынбасары – Сыртқы істер министрі Мұхтар Тілеуберді өзінің Нұр-Сұлтандағы миссиясын аяқтағалы жатқан Үндістан Республикасының елшісі Прабхат Кумарды қабылдады.

Сыртқы саяси ведомствосының басшысы елшінің елдер арасындағы саяси диалогты дамытудағы, аса жоғары және жоғары деңгейдегі байланыстардың оң динамикасын сақтаудағы, Үндістанның бітімгершілік батальоны құрамында қазақстандық әскери қызметшілерді Ливанға жіберудегі, Үндістан үкіметінің COVID-19-ға қарсы күресте гуманитарлық көмек көрсетудегі, АӨСШК, ШЫҰ және Қазақстанның қатысуымен басқа да көпжақты құрылымдар шеңберінде Нью-Делидің қызметін жандандырудағы, сондай-ақ 2020 жылдың қорытындысы бойынша рекордтық көрсеткіш 2,38 млрд АҚШ долларына қол жеткізген екі ел арасындағы экономикалық ынтымақтастық пен тауар айналымын кеңейтуде.

Қазақстан халқына қонақжайлығы үшін және ел басшылығына мемлекеттер арасындағы өзара тиімді ынтымақтастықты жан-жақты дамытуға әзірлігі үшін алғысын білдіріп, үнді дипломат Нұр-Сұлтан мен Нью-Дели арасындағы стратегиялық серіктестіктің одан әрі тереңдей түсетіндігіне сенімін білдірді.

Кездесу соңында М.Тілеуберді Елшіге Қазақстан мен Үндістан арасындағы стратегиялық серіктестіктің нығаюына қосқан елеулі үлесі үшін Қазақстан Республикасы Президентінің алғысын табыс етіп, оған сәттілік тіледі.

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Өзгелердің жаңалығы