Үндістанның батысында сел жүріп жатыр

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Үндістанның батысындағы Гуджарат штатында нөсер жаңбырдың салдарынан болған сел салдарынан үш адам қайтыс болды, тағы бесеуі із-түзсіз жоғалғандардың тізімінде.

Жергілікті БАҚ-тың хабарлауынша, Раджкот пен Джамнагар қалалары аймағында жауған жаңбыр селге себеп болған.

Апат аймағынан мыңдаған адам эвакуацияланды.

Аймақта іздестіру-құтқару жұмыстары жүргізілуде.

Мектептерде сабақ тоқтатылды.

Үнді метеорологиялық департаменті Гуджарат штатында жауын 18 қыркүйекке дейін жалғасатынын хабарлайды.

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Өзгелердің жаңалығы