Үндістаннан келген танымал хирург елордалық дәрігерлерге мастер-класс өткізді

«Ерте витрэктомия» мастер-классы №2 көпсалалы қалалық аурухананың базасында өтті. Үндістаннан келген жетекші хирург торлы қабықтың ауыр түрімен ауыратын 4 балаға ота жасады, деп хабарлайды BAQ.KZ Астана әкімдігінің ресми сайтына сілтеме жасап.

Әлемге әйгілі хирург, доктор Нихил Пал әріптестерімен бірге «нәресте соқырлығының» негізгі себебі болып саналатын торлы қабықтың ауыр түрімен ауыратын шала туған нәрестелерге операция жасады. Келесі екі күнде мастер-класс қорытындысы бойынша танымал қазақстандық дәрігерлер мен медициналық мекеме басшыларының қатысуымен дөңгелек үстелдер өтеді.

Қазақстанда ДДҰ-ның критерийлерін енгізуге байланысты ретинопатия проблемасы 2008-2010 жылдардан бастап соқырлық эпидемиясының сипатына ие бола бастады. Қазір елімізде жыл сайын 22 мыңнан астам нәресте шала туылады, олардың 4000-ға жуығы ретинопатия салдарынан соқырлық қаупіне шалдығады, - деді балалар хирургі-офтальмолог Әсел Шарипова.

Бұл операцияларға асқынған 4 бала таңдалды.

Ұлымыз 30 аптасында дүниеге келді, өте әлсіз болды. Бізге оның « торлы қабықтың бөлінуі» диагнозы қойылғанын айтқан кезде, қатты уайымдадық. Астанаға мастер-класқа қатысу үшін келдік, себебі бұл жерде балама тегін операция жасайды. Бізге бұл мүмкіндікті ұйымдастырғаны үшін дәрігерлеріміздің еңбегіне алғысым шексіз. Бұл операция үшін енді шетелге баруымыздың қажеті жоқ. Бұл біздің отбасымыз үшін үлкен қуаныш, үлкен бақыт, - дейді жеті айлық Арнұрдың анасы.

Мастер-классты Galamat Group медициналық технологияларды енгізу және әзірлеу жөніндегі қазақстандық холдинг, Ayala қайырымдылық қоры және «Мейірімд» еріктілер қоғамы» қоғамдық қоры бірлесіп ұйымдастырды. Іс-шараның ерекшелігі операциялар алғаш рет ҚР аумағында және аурудың ерте даму кезеңінде жүргізілді.

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға

Фото: Елорда әкімдігі
Өзгелердің жаңалығы