Үндістаннан келген азаматтар 2 апта карантинде жатады – санитарлық дәрігер

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Бұл туралы елордадағы эпидемиологиялық жағдай және тұрғындарды COVID-19-ға қарсы вакциналау туралы өткен брифингте Нұр-Сұлтан қаласының бас мемлекеттік санитарлық дәрігері Сархат Бейсенова айтты.

Кеше Қазақстанның бас мемлекеттік санитарлық дәрігерінің Үндістаннан індеттің келу қаупіне қатысты қаулысы күшіне енді. Кешеден бастап Үндістаннан келген азаматтар бақылауға алынып жатыр. Елордада ондай жағдай тіркелген жоқ. Себебі бізде Үндістанмен тікелей әуеқатынасы жоқ. Олар транзит арқылы өзге елдерден келуі мүмкін. Күн сайын біз көліктегі әріптестеріміз арқылы елге келген тұлғаларды есепке аламыз, - деді ол.

Бейсенова айтқандай, олар келген бетте 14 күн карантинде жатады.

Олар дәрігерлердің бақылауында болады. 14 күн ішінде олардың жағдайы ескеріліп, вирусты ендірмеуге мүмкіндік береді. Бұл шаралар кешеден бастап бүкіл ел бойынша күшіне енді, - деді ол.

Айта кетейік, осыған дейін Нұр-Сұлтан қаласының бас мемлекеттік санитарлық дәрігері Сархат Бейсенова елордадағы жағдай тұрақсыз екенін айтқан еді.

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Өзгелердің жаңалығы