Үндістанға медициналық жабдық жіберіледі

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Ұлыбритания билігі Үндістанға 600 дана медициналық жабдық жөнелтпек, деп хабарлайды «Хабар 24». 

Арасында Өкпені жасанды желдету аппараттары бар.  Айта кетейік, осы аптада Ұлыбритания премьер-министрі Борис Джонсон Үндістанға іс-сапармен баруы керек болатын. 

Алайда ондағы эпидахуалдың күрт нашарлауына байланысты ол бұл жоспарын кейінге шегерді. 

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға

Өзгелердің жаңалығы