Үндістанға әлемнің бірқатар елі гуманитарлық көмек жібере бастады

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Үндістанда коронавирус жұқтыру деректерінің тым көбейіп кетуіне байланысты әлемнің бірқатар елі аталған мемлекетке гуманитарлық көмек жібере бастады, деп хабарлайды «Хабар 24».

Мәселен, Бельгия, Германия мен Франция үнді жеріне өкпені жасанды желдету аппараттары мен дәрі-дәрмек жеткізді.

Айта кетейік, Үндістанда өлім-жітім деректері бойынша тәуліктік рекорд тіркелуде. Билік өкілдерінің хабарлауынша, бір күнде 3500 адам көз жұмған. Тағы 400 мыңға жуық адам қауіпті инфекцияға шалдыққан. Науқастардың көптігі сонша, ауруханаларда бос орын жоқ.

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Өзгелердің жаңалығы