Үндістандық штамға қатысты Денсаулық сақтау министрлігінің болжамы қандай?
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Күні кеше үндістандық штамның алдын ала расталуына байланысты Денсаулық сақтау министрі Алексей Цой елдегі эпидемиологиялық жағдайға қатысты пікірін білдірді.
Министрдің айтуынша, жағдайға болжам жасау үшін кем бір немесе екі апта уақыт керек. Осы уақыт аралығында нақты зерттеу жұмыстары жүргізілуі тиіс.
Бәрі аурудың таралуының қаншалықты орын алатындығына байланысты болып отыр. Қазіргі уақытта Қазақстанда үндістандық штамның мутацияға ұшырау ықтималдығын анықтадық. Енді аурудың қарқынын байқаймыз. Алдағы бірнеше апта бойы ахуалды бағалап, оқиғаның қалай өрбитініне, вирустың қаншалықты жұқпалы екеніне, аймақтарға штамның қалай таралатынына қараймыз. Содан соң барып нақты тұжырым мен болжал жасалады, - деді Алексей Цой.
Оның үстіне, болжам жасауға сандардың көрсеткіші емес, аурудың апта сайын қалай белең алатындығы негіз болатын көрінеді.
Министрдің айтуынша, штамм айқындалған соң оның кезеңдері бақылауға алынатын болады.
Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Келесі жаңалық
“Жан Шуақ” сыйлығының лауреаттары марапатталды
Өзгелердің жаңалығы