6 Қыркүйек 2026, 20:55
Фото: The National Herald
Үндістандағы су тасқынынан 1,6 миллионнан астам адам зардап шекті
Бихар штатының 11 округін су басып, жүздеген тұрғын эвакуацияланды.
Үндістанның Бихар штатындағы су тасқыны мен паводок салдарынан 1,685 миллионнан астам адам зардап шекті. Табиғи апат өңірдің 11 округін қамтыды.
The National Herald мәліметінше, жергілікті билік іздестіру-құтқару және гуманитарлық шараларды күшейтті. Зардап шеккен аудандардағы жұмыстарға 1 158 қайық пен төтенше жағдайларға ден қою жөніндегі 34 топ жұмылдырылды.
Тұрғындарды азық-түлікпен қамтамасыз ету үшін 80 тамақтану пункті ашылды. Тағы 326 адам уақытша паналау орындарына эвакуацияланды.
Билік жағдайды бақылауды жалғастырып, су деңгейінің одан әрі көтерілуі және аумақтарды қайта су басу қаупіне байланысты дайындық шараларын күшейтіп жатыр.