21 Шілде 2026, 04:27 Фото: REUTERS/Francis Mascarenhas

Үндістандағы су тасқыны мен көшкіннен кемінде 25 адам қаза тапты

Полицияның мәліметінше, бірнеше адам із-түзсіз жоғалып кеткен.

Үндістанның солтүстігі мен солтүстік-шығысында нөсер жаңбырдан кейін болған су тасқыны мен көшкін салдарынан кемінде 25 адам көз жұмды.

Үндістан бақылауындағы Кашмирдің Пунч, Раджаури және Дода округтерінде табиғи апаттан кемінде 15 адам қаза тапқан. Полицияның мәліметінше, бірнеше адам із-түзсіз жоғалып кеткен.

Нагаланд штатында көшкін салдарынан тағы тоғыз адам көз жұмды. Құтқарушылар олардың төртеуінің мәйітін алып шыққан. Ал көршілес Ассам штатында бір адамның қаза болғаны расталды.

Синоптиктердің болжамынша, елдің солтүстігі мен солтүстік-шығысындағы өңірлерде нөсер жаңбыр алдағы бірнеше күн бойы жалғасады.