Үндістандағы әскери базада жарылыс пен өрт болды
Оқиға салдарынан әскери нысан аумағында өрт тұтанып, төтенше қызметтер оқиға орнына жұмылдырылды.
Үндістан әскери-әуе күштеріне тиесілі АН-32 әскери-көлік ұшағы Джорхат қаласындағы әуе базасының аумағында апатқа ұшырады. Ұшақ құлағаннан кейін оқиға орнында өрт шыққанын NDTV телеарнасы хабарлады.
Алдын ала мәлімет бойынша, оқиға сенбі күні таңертең қону кезінде болған. Әуе кемесі әуе базасының аумағына құлап, артынша өрт тұтанған.
Оқиға орнына жедел түрде төтенше жағдайлар қызметі жіберілді. Құтқарушылар өртті сөндіру және жағдайды бағалау жұмыстарына кірісті.
Үндістан ӘӘК баспасөз қызметінің мәліметінше, апат салдарынан бес әскери қызметкер қаза тапқан.
Апаттың нақты себептері әзірге анықталған жоқ. Оқиға бойынша тергеу басталды.
Бұл жағдай туралы Ассам штатының бас министрі Химанта Бисва Сарма да мәлімдеп, билік өкілдері әскери ведомствоның ресми ақпаратын күтіп отырғанын айтты.
АН-32 ұшағы Үндістан әскери-әуе күштерінде жүк пен жеке құрамды тасымалдау үшін кеңінен қолданылады. Ол күрделі климаттық және таулы аймақтарда ұшу мүмкіндігімен ерекшеленеді.
Бұл оқиға өңірде болған тағы бір әуе апатынан бірнеше ай өткен соң тіркеліп отыр. Бұған дейін Ассам штатында Су-30МКИ жойғыш ұшағы апатқа ұшыраған болатын.