5 Қыркүйек 2026, 01:29 Фото: Скриншот

Үндістанда ұшақ әуежайдағы бағанаға соғылды

Оқиға салдарынан жолаушылар мен экипаж мүшелері зардап шеккен жоқ.

Үндістанның Сринагар әуежайында IndiGo әуе компаниясының ұшағы тұрақ орнына қарай қозғалу кезінде бағанаға соғылды.

Оқиға 4 қыркүйек күні таңертең болған. Нави-Мумбайдан Сринагарға ұшқан 6E 225 рейсі №6 тұрақ орнына орналасу кезінде әуе кемесін тұраққа бағыттайтын VDGS жүйесінің бағанасына тиіп кеткен.

Оқиға салдарынан жолаушылар мен экипаж мүшелері зардап шеккен жоқ. Олар ұшақтан жылжымалы баспалдақ арқылы қауіпсіз шығарылды.

Әуежай жұмысы қалыпты режимде жалғасып, рейстер кестесіне өзгеріс енгізілген жоқ.

Оқиғаның нақты себебі арнайы тексеру аяқталғаннан кейін анықталады. IndiGo тиісті органдармен бірлесіп мән-жайды анықтап жатыр.