Бүгiн 2026, 15:47
Фото: depositphotos.com
Үндістанда туристік қайық апатқа ұшырап, тоғыз адам қаза тапты
Қайық желдің күшеюінен аударылып, бірнеше адам із-түзсіз жоғалды.
Үндістанның Мадхья-Прадеш штатында туристік қайық аударылып, кемінде 9 адам қаза тауып, тағы 17 адам жарақат алды, деп хабарлайды BAQ.KZ.
Жергілікті БАҚ мәліметінше, қайық Нармада өзеніндегі Барги су қоймасында кенеттен желдің күшеюінен аударылған. Кеме туристік серуенге арналған.
Құтқарушылар 24 адамды эвакуациялай алды. Зардап шеккендер ауруханаларға жеткізілді. Қаза тапқан тоғыз адамның денесі табылған. Іздеу жұмыстары барысында құтқарушылар бір-бірінің қолынан ұстап тұрған ана мен баланың мәйітін анықтаған.
Қазіргі уақытта 9 адам із-түзсіз жоғалғандар қатарында, олардың ішінде бес бала бар. Іздеу-құтқару жұмыстары жалғасып жатыр.