Үндістанда тәуліктік өлім-жітімнің антирекорды тіркелді

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Коронавирус жағдайларының саны бойынша Үндістан әлемде АҚШ-тан кейін екінші орында, ал COVID-19 ауруы бар адамдар арасында өлім-жітім бойынша төртінші орында тұр.

Соңғы тәулікте Үндістанда Covid-19 коронавирусын жұқтыру салдарынан 3,6 мыңнан астам науқас қайтыс болды, бұл пандемия басталғалы бергі тағы бір антирекорд. Бұл туралы 29 сәуірде Associated Press хабарлады.

Нақтырақ айтқанда, соңғы тәулікте 3645 адам қайтыс болды, бұл бір күн бұрынғыға қарағанда 350-ге көп.

Соңғы тәулікте анықталған COVID-19 инфекциясын жұқтырғандар саны 380 мыңнан асты.

Коронавирус жағдайларының саны бойынша Үндістан әлемде АҚШ-тан кейін екінші орында, ал COVID-19 ауруы бар адамдар арасында өлім-жітім бойынша төртінші орында. Жалпы, елде 18,3 миллионнан астам инфекция анықталды, 204 мыңнан астам вирус жұқтырған адам қайтыс болды.

Бұған дейін хабарланғандай, Үндістан билігі COVID-19 коронавирусына байланысты жағдайдың күрт шиеленісуіне орай медициналық оттегі шығаратын 551 станция салу туралы шешім қабылдаған болатын.

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Өзгелердің жаңалығы