Үндістанда тәулігіне 39 мың адам коронавирус жұқтырған

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Үндістанда тәулігіне 38949 коронавирустық инфекция анықталды. Елдегі тіркелген COVID-19 пациенттерінің жалпы саны 31 миллионнан асты, деп хабарлайды RT.

Үндістан денсаулық сақтау министрлігінің мәліметінше, бір тәулік ішінде елде коронавирустың салдарынан 542 адам қайтыс болды.

Жалпы елде COVID-19 расталған 412 мыңнан астам науқас қайтыс болды.


Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Өзгелердің жаңалығы