8 Тамыз 2021 2021, 05:20

Үндістанда тәулігіне 38 мыңнан астам адамнан вирус анықталды

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Үндістанда тәулігіне 38 628 коронавирус инфекциясының жағдайы анықталды. NDTV арнасы Үндістан денсаулық сақтау министрлігінің мәліметтеріне сілтеме жасап, елде тіркелген COVID-19 науқастарының жалпы саны 31 895 385-ке жетті деп хабарлады.

Бір тәулікте елде 617 адам коронавирустан қайтыс болған.

Ал жалпы Үндістанда COVID-19 расталған 427 мыңнан астам науқас қайтыс болды.

Бұған дейін Бүкіл Үндістандық медициналық ғылымдар институтының басшысы Рандип Гулериа ел билігі қыркүйекке дейін балаларды коронавирусқа қарсы вакцинациялауды бастауға ниетті екенін айтқан болатын.