9 Қыркүйек 2024 2024, 08:50 Фото: скрин

Үндістанда тасқыннан 32 адам көз жұмды

Үндістандағы тасқынның беті қайтар емес. Соңғы дерек бойынша, табиғи апаттан көз жұмғандар саны 32 адамға жетті, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Үндістандағы тасқынның беті қайтар емес. Соңғы дерек бойынша, табиғи апаттан көз жұмғандар саны 32 адамға жетті, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Әсіресе елдің шығысындағы Виджаявада қаласында жағдай қиын. Үйлер мен жолдарды су шайып кеткен. Билік тұрғындарды жаппай көшіріп жатыр. Үйінде қамалып қалған кейбір адамдар «бізге құтқарушылар келмеді» деп шағымданып жатыр. Метеорологтар болса жаңбыр тағы жауады дейді.