Үндістанда қазақ күресінен әлем чемпионаты өткелі жатыр
25 ақпан күні Үндістада қазақ күресінен ересектер арасындағы Әлем чемпионаты басталады, деп хабарлайды BAQ.KZ.
Бұл туралы Qazaq kuresi ассоциациясы хабарлады.
Дели қаласында өтетін дүбірлі додаға қатысу үшін әлемнің 20-ға жуық мемлекетінен 200-ге тарта балуан өтініш берген. Олардың арасында Әзербайжан, Аргентина, Бразилия, Эстония, Грузия, Нидерландия, Иран, Италия, Жапония, Қазақстан, Қырғызстан, Молдова, Мексика, Польша, Моңғолия, Сербия, Тәжікстан және Өзбекстан мемлекеттерінің спортшылары бар.
Екі күнге созылатын байрақты бәсекеде қатысушылар 16 салмақ дәрежесінде бақ сынайды.
Екіжылдықтың басты додасында ел намысын қорғайтын ұлттық құрама командасының сапында Бекжан Төлепов, Жұмажан Қожамбеков, Мұзаппаров Ерсұлтан, Нұрдәулет Жарылғапов, Сарипова Зарина, Нұрмахамметова Рауза және Нысантайқызы Роза сынды үздіктер бар.
Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Алдыңғы жаңалық
ІХ қысқы Азия ойындары-2025: 8 ақпандағы жарыс нәтижесі қандай?
Келесі жаңалық
Бес қалада ауа сапасы нашарлайды
Өзгелердің жаңалығы