17 Ақпан 2025 2025, 07:52
Фото: Anadolu Agency
Үндістанда пойызға асыққан адамдар бір-бірін таптап көз жұмды
Үндістан астанасы Делидегі теміржол станциясында қайғылы жағдай болды, деп хабарлайды BAQ.KZ.
Үндістан астанасы Делидегі теміржол станциясында қайғылы жағдай болды, деп хабарлайды BAQ.KZ.
The Guardian таратқан мәліметке сүйенсек, адамдар бір-бірін таптап, салдарынан жиырмаға жуық адам, оның ішінде, тоғыз әйел мен үш бала көз жұмды. Сондай-ақ 11 адам түрлі дене жарақатын алған.
Станцияда адамдардың көп жиналуына қасиетті орындарға жаппай қажылық жасау – Кумбха Мела рәсімі себеп болғаны айтылды. Әр 12 жыл сайын аталған мейрамда солтүстікте орналасқан Праяградж қаласына ондаған миллион діндарлар легі ағылады.
Оқыс оқиға адамдар іс-шараға қатысу үшін өз пойыздарына үлгеру үшін жүгірген сәтте басталған.
Айта кетерлігі, қаңтардың аяғында да осы мерекені тойлау кезінде 30 адам қайтыс болған.