Үндістанда пиротехникалық зауытта жарылыс болып, алты адам қаза тапты
Үндістанның оңтүстігіндегі Тамилнад штатында пиротехникалық зауытта болған жарылыстан кемінде алты адам көз жұмды. Құрбандардың қатарында екі әйел бар. Бұл туралы жергілікті полиция мәлімдеді, деп хабарлайды BAQ.KZ Синьхуа агенттігіне сілтеме жасап.
Жарылыс Вирудхунагар округіндегі ауылдық аймақта орналасқан зауыт аумағында болды. Қатты жарылыстан кейін үлкен өрт шыққан. Қазіргі уақытта құтқару жұмыстары жалғасып жатыр.
Зардап шеккендер жергілікті ауруханаға жеткізілді. Құқық қорғау органдары жарылыстың нақты себебін анықтау үшін тергеу жүргізіп жатыр.
Айта кетейік, Үндістанда қауіпсіздік талаптарының жиі сақталмауы өндірістік апаттарға себеп болып жатады. Бұл елдегі пиротехника өнеркәсібі ең қауіпті салалардың бірі саналады.
Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Өзгелердің жаңалығы