Үндістанда отшашу шығаратын фабрикада жарылыс болып, бес адам қаза тапты
Үндістанның Пенджаб штаты, Ламби округіндегі Сингхвала ауылында орналасқан отшашу шығаратын фабрикада жарылыс болып, кем дегенде бес адам қаза тауып, 34 адам жарақат алды, деп хабарлайды BAQ.KZ The Indian Express басылымына сілтеме жасап.
Жарылыс қарқындылығы соншалық, зауыт толықтай қирандыларға айналды, - делінген басылым материалында.
Жарылыс жергілікті уақыт бойынша 12:00 мен 13:00 аралығында болған. Бұл туралы Ламби ауданының полиция бастығының орынбасары Джаспал Сингх мәлімдеді. Оның айтуынша, жарылыс салдарынан бірнеше екі қабатты ғимарат қирап, көптеген адам қирандылар астында қалып қойған.
Қаза тапқандардың жеке басы әлі анықталған жоқ. Көпшілік зардап шеккендер – Уттар-Прадеш пен Бихар штаттарынан келген мигрант жұмысшылар.
Біздің құтқару топтары оқиға орнына дереу жетті. Қазіргі таңда бес адамның мәйіті шығарылды, құтқару жұмыстары жалғасып жатыр. Қирандылар астында қалған адамдар бар-жоғы анықталуда, - деді Сингх.
Оқиға бойынша тергеу басталды.
Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Алдыңғы жаңалық
Көкшетауда газ сату компаниясының басшысы 270 млн теңгені жымқырды деген күдікке ілінді
Келесі жаңалық
Боран мен көктайғақ: 17 облыста дауылды ескерту жарияланды
Өзгелердің жаңалығы