Үндістанда өрттен алты сәби көз жұмды

Үндістан астанасында балаларға күтім көрсететін орталықта өрт шығып, салдарынан алты сәби ажал құшты, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Associated Press агенттігінің деректеріне сәйкес, қайғылы жағдай орталықтың бірінші қабатындағы өрттен болған.

Өрт сөндіру қызметінің қызметкері алты жаңа туған сәби тілсіз жаудан құтқарылып, жақын маңдағы ауруханаға жеткізілгенін айтқан.

Орталықтың бірінші қабатындағы өртті сөндіруге бір сағат уақыт кеткені белгілі болды.

Делидің шығысындағы Вивек Вихар ауданындағы өрттің себебі анықталып жатыр.

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға

Фото: pixabay.com
Өзгелердің жаңалығы