Үндістанда оқу орталығы өртеніп, 15 адам көз жұмды
Қазіргі уақытта оқиғаның нақты себептері анықталып жатыр.
Үндістанның Лакхнау қаласында орналасқан оқу орталығы бар үш қабатты коммерциялық ғимаратта болған ірі өрт салдарынан кемінде 15 адам қаза тапты. Бұл туралы The New Indian Express басылымы хабарлады.
Өрт Алигандж ауданында жергілікті уақытпен шамамен 15:00-де басталған. Жалын анимациялық оқу орталығы, кітапхана және 3D графикалық студия орналасқан қабаттарға тез тараған.
Қаза тапқандардың басым бөлігі – студенттер. Тағы бес адам жарақат алып, олар Король Джордж атындағы медициналық университетке жеткізілген.
Куәгерлердің айтуынша, өрт кезінде ғимараттан қою түтін көтерілген. Кейбір адамдар терезеден секіруге мәжбүр болған, соның салдарынан ауыр жарақат алған жағдайлар да тіркелген.
Өртті сөндіруге 14 өрт сөндіру техникасы мен гидравликалық платформалар тартылған. Құтқарушылар ғимарат ішіне кіру үшін артқы қабырғаны бұзуға мәжбүр болған.
Алдын ала мәлімет бойынша, кейбір студенттер жалыннан қашып, ғимарат ішіндегі санитарлық бөлмелерге тығылған.
Қазіргі уақытта оқиғаның нақты себептері анықталып жатыр.
- Алматыда LRT құрылысына байланысты Төле би көшесінің бір бөлігі түнде жабылады 20:14
- Қарағанды облысындағы табиғи өртті 200 адам сөндіріп жатыр 19:52
- ШҚО-да сырттан келген екі адамнан психотроптық зат салынған 34 орама табылды 19:06
- Қазақстан құрамасы ауыр атлетикадан Азия чемпионатында қалай өнер көрсетті? 18:48
- Индонезиядағы магнитудасы 7,7 жер сілкінісі: қаза тапқандар саны 20-ға жетті 18:13
- Электр қуатының өшуі Қазақстанның оңтүстігіндегі энергожүйе үшін сынақ болды 17:56
- Шығыс Қазақстанда құрғақ шөп өртеніп жатыр 17:49