Үндістанда мұздықтың еруінен қаза тапқандар саны өсті
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Үндістанның Уттаракханд штатында мұздықтың еруінен қаза тапқандар саны 54-ке жетті.
Бүгін Тапован туннелінен үш мәйіт шығарылды, қаза тапқандар саны 54-ке жетті. Тағы 179 адам із-түзсіз жоғалғандар тізімінде. Құтқару операциясы жалғасуда, - деді полиция өкілі.
Еске сала кетейік, ақпанның 7-сі күні Үндістанның Уттаракханд штатындағы Гималай тауында мұз еріп, өзенге түсіп, су тасқыны жүрген болатын.
Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Алдыңғы жаңалық
Атырау тазалығын әуеден дрондар бақылайды
Өзгелердің жаңалығы